Құрлық әскерлерінің әскери институтында курсанттарды іріктеу басталады

502

Азаматтарды армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына қабылдау осы жылдың 21 шілдесінен 8 тамызына дейін заңнамада белгіленген мерзімде өтеді. 

Құрлық әскерлерінің әскери институтында курсанттарды іріктеу басталады Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс істері жөніндегі аудандық және қалалық басқармаларда алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар оқу орнына келгеннен кейін әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіби-психологиялық іріктеуден, түпкілікті медициналық куәландырудан өтеді, дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырады. Конкурстық іріктеу 5 тамызда өткізіледі. Тамыздың 6-сы күні оқуға түскен курсанттардың тізімі оқу орнының сайтында орналастырылады.

Апелляцияға өтініштер түскен жағдайда олар 7 тамызда қаралады. Келесі күні әскери ЖОО бастығының курсанттарды қабылдау туралы бұйрығы шығарылады. Осы құжатпен оқуға қабылданған курсанттардың түпкілікті құрамы бекітіледі.

Биылдан бастап Қорғаныс министрлігі Әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған "Срочники 2.0" жобасын алғаш рет іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Осы жылдың көктемінде мерзімді әскери қызмет өткерген және запасқа шығарылған азаматтар ҰБТ-ны есепке алмай жоғары оқу орнына түсе алады. Грантқа үміткерлерге елдің үш әскери жоғары оқу орнының бірін таңдау құқығы беріледі. ҰБТ сияқты бөлінген соң QR коды бар сертификаттар автоматты түрде жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, ЖОО-да тегін оқуға іріктеу кезінде жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгергені, жеке тәртіптілігі, тәуліктік нарядта қызмет өткеру барысында арнаулы міндеттерді толық орындағаны және басқа да көрсеткіштері үшін мерзімді қызмет сарбазының ұпайлары ескеріледі. Деректер "Срочники 2.0" платформасында жинақталады. Олар бойынша жүйе автоматты түрде үміткерлердің рейтингін жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу