Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясы президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кәсіби өмірбаяны:
Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте және бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында мол тәжірибесі бар.
Әр жылдары "Қазақстан" РТРК-да түрлі басшылық қызметтер атқарып, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы, "Қазақ радиолары" директоры, "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.
2019-2021 жылдары "Астана" телеарнасының бас директоры, ал 2021-2023 жылдары "31 арна" телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.
2023 жылғы шілдеден бастап бүгінгі уақытқа дейін "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы болып қызмет етіп келді.