Атырау облысы Құрманғазы ауданында ауыл шаруашылығы саласы мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтті. Кәсіби мерекеге орай аудан әкімі Бибоз Шаяхметов он бір ауылдық округке "Беларусь" тракторын және автокөтерме арнайы техникасының кілтін табыстады, деп хабарлайды atpress.kz.
С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде жалғасқан салтанатты шара барысында ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосқан мамандық иелері марапатталды.
Елбасының жарлығына сәйкес,қарашаның үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күні ретінде жыл сайын аталып келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу