Күрмеулі құрылыстың 20-сы пайдалануға беріледі

510

Биыл жылдың аяғына дейін құрылысы ұзаққа созылып кеткен кұрмеулі құрылыстың 20-сы пайдалануға берілмек. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баспасөз мәслихатында айтты.

Күрмеулі құрылыстың 20-сы пайдалануға беріледі

Былтыр Нұр-Сұлтанда барлығы 53 проблемалы нысан болған. 2019 жылдың аяғында оның 10 тұрғын үй мемлекеттің қолдауымен аяқталған. Енді осы жылдың аяғына дейін тағы 20 нысанның құрылысы аяқталып, тұрғындар көптен күткен баспанасына қол жеткізбек.  

"Әрине, жылдар бойы қордаланып қалған мәселені аз уақыттың ішінде шешу оңайға түскен жоқ. Халық жылдар бойы тірнектеп жинағанын үй аламыз деген үмітпен құрылысқа салды. Елордада қазіргі таңда 15 мыңға жуық үлескер алаяқ құрылыс компанияларының кесірінен үйін ала алмай жүр. Көптеген құрылыс компаниясы уәдесінде тұрған жоқ. Тұрғындар далада қалмас үшін мемлекет қол ұшын беріп, бірталай нысан қайта жанданды. Мысалы, "Территория комфорта", "Орбита", "Шығыс", "Жағалау" сынды тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау қолға алынды. Мұндай жұмыстар жалғасын тауып, биыл 20 проблемалық нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", – деді Алтай Көлгінов.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу