44 жастағы алматылық әйел 11 сәтсіз жүктіліктен кейін ана болу бақытын иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Соңғы жүктілігінің 15-аптасында түсік тастау қаупімен ауруханаға түскен. Антифосфолипидті синдром деген диагноз қойылды. Дәрігерлердің тұрақты бақылауымен ол жүктілік кезеңінен аман-сау өтіп, 34-аптасында босанған. Сәбидің салмағы 2700 грамм, ұл бала”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу