Курсанттың қазасына күдікті ұсталды

838

Курсанттың қазасына күдікті ұсталды

ҚР Ұлттық ұланы әскери институты курсантының өліміне қатысты Қылмыстық Кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. "Петропавлдағы әскери институт аумағында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында барлық қажетті шұғыл-тергеу шаралары жүргізілді. Күдікті, институттың 19 жастағы курсанты ұсталып, Петропавл қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеудің материалдары әскери-тергеу басқармасына жолданды", - деп мәлім етті СҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу