Курск облысында жан сақтайтын орындар орнатыла бастады

199

Жан сақтайтын нысандар Железногорск пен Курчатовта да орнатылады.

Курск облысында жан сақтайтын орындар орнатыла бастады Фото: kursk.kp.ru

Курск қаласында темір мен бетоннан жасалған баспана орнату жұмыстары басталды. Бұл туралы Курск облысының губернаторы Алексей Смирнов өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Смирнов бетон модульдік баспаналар адамдар көп жиналатын орындарға орналастырылатынын айтты. Оның айтуынша, облыс орталығындағы 60 негізгі аялдама темірбетон баспанамен жабдықталады. Жан сақтайтын нысандар Железногорск пен Курчатовта да орнатылады.

Бұған дейін әскери қызметкер Игорь Жданов Курск облысында негізгі үш ұрыс алаңы белгіленгенін, онда Ресей әскери күштері УҚК-ға басып кіруге жол бермейтінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу