Ресей Федерациясының Курск облысының шекаралас аудандарынан 133 мың адам көшірілді, тағы 20 мыңға жуық адам шекара аймағында қалады. Бұл туралы Курск облысының уақытша басшы қызметін атқарушы Алексей Смирнов Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен елдің шекаралас аймақтарындағы жағдай туралы кездесуде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді, КТО штабы да жұмыс істейді. Жедел штабтың шешімімен Курск облысының 152 566 тұрғыны бар сегіз ауданы қоныс аудару және эвакуациялау аймағына жатқызылды. Бүгінгі жағдай бойынша 133 190 адам жолға шықты. 19 376 адам қалды. Біз адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіруді жалғастырамыз", - деді Смирнов.
Оның айтуынша, адамдар уақытша орналастыру орындарында не туыстарында жайғасқан.
"Жалпы сыйымдылығы 64 мың адамды құрайтын 524 уақытша орналастыру лагері ашылды, оның 20 мыңы Мәскеуде, 25 мыңы басқа өңірлерде орналастырылды. Барлығы 12 257 адам орналастырылды, оның ішінде 3 407 – балалар, 633 – мүгедектер", - деп атап өтті губернатордың уақытша міндетін атқарушы.