Күрт жасағы Сирияның Табка қаласының орталық аудандарын "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" жендеттерінен азат етті. Қарулы қақтығыс кезінде 50-ге жуық содырдың көзі жойылды. Тағы бесеуі тұтқындалды.
Айта кетейік, Табка 3 жыл бұрын лаңкестердің уысына өткен болатын. Сол уақыттан бері 250 мың тұрғыны бар қала халқының 70 пайызы басы ауған жаққа босып кеткен. Шаһарды азат ету операциясы наурыздың аяғынан бері жүріп жатыр. Қала "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" Сириядағы астанасы саналатын Раккаға жақын орналасқан. Сондықтан бұл стратегиялық маңызды аймақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу