Бірлік. Береке" атты шарада әртүрлі әдіспен дайындалған құрттар ақтөбеліктерге ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Одан бөлек, Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері шашу шашып, ақ дастархан жайды. Наурыз көже, шұбат, бауырсақ және түрлі ұлттық тағамдардан қала тұрғындары мен қонақтары дәм татты.
Мерекелік шарада ұлттық саз аспаптары тартылып, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар да ұйымдастырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу