Құрық пен Ақтау порттары сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін

322

Теңіз флотын нығайту және Каспийде контейнерлік хаб құру мақсатында Ақтау мен Құрық порттарын "ship-or-pay" шарттарымен сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланды.

Құрық пен Ақтау порттары сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін Фото: freepik

"Ship-or - pay" - бұл тасымалдаушы тұтынушыны белгілі бір жүк көлемін тасымалдауға міндеттейтін жүйе. Тұтынушы жүк салмаған жағдайда да, тасымалдау құнын бәрібір төлеуі керек.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау министрі Марат Қарабаев пен көлік жөніндегі еурокомиссар Адина Валянмен кездесуі аясында Қазақстан мен Еуропаның көлік әлеуетін дамытудың негізгі мәселелері айтылды.                                            

"Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды. Инфрақұрылымды және терминалдық желіні дамыта отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын толық жүктеу, сондай-ақ Қазақстан үшін бірыңғай бланкінің рұқсат беру жүйесінсіз одан әрі енгізу үшін Еуроодақпен келісімге қол қою мүмкіндігі де талқыланды", - делінеді ведмоствоның хабарламасында.

Биыл 19-21 маусымда Астанада өтетін New Silkway форумына және осы жылдың қыркүйегінде ЕО-ҚР инвестициялық форумында тараптар тағы кездеспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу