Құрық пен Ақтау порты арқылы 600 кемемен бидай жөнелтілді

1220

Құрық пен Ақтау порты арқылы 600 кемемен бидай жөнелтілді

Биыл елімізде астық экспорты екі есе өсті. Бидай мен ұн өнімдері шет мемлекеттерге Маңғыстау өңірі арқылы тасымалданған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында аймақ теміржолшылары мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақ астығы "Өзен-Түрікменстан" шекарасы теміржолымен Иранға, теңіз порттары арқылы Парсы шығанағы мен Еуропаға жөнелтілген. Биыл 10 айда Құрық пен Ақтау порттары арқылы 600 кемеге тиелген бидай экспортқа жіберілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 210 пайызға жоғары дейді сала мамандары.

Жалпы Маңғыстау облысы арқылы жүк тасымалы өткен жылмен салыстырғанда, биыл екі есеге өскен.

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында "Бейнеу – Сексеуіл", "Өзен – Болашақ", "Боржақты-Ерсай-Құрық" жаңа теміржол желілері іске қосылды.

"Жалпы 2018 жылдың 10 айы бойынша, жүк тасымалы көрсеткіші 63 мың 478 вагонды құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда, 751 вагонға артық. Орындалу көрсеткішімен есептесек, 125 процентке өскен", - дейді "Қазақстан темір жолы" АҚ Маңғыстау облыстық жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Нәжмедин Ғұбашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу