Құрық порты арқылы 3 миллион тонна жүк тиелді

1663

Құрық порты арқылы 3 миллион тонна жүк тиелді

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша су көлігі саласында Құрық портын дамыту іс-шаралары жүзеге асырылды. Қуаттылығы 4 млн тонна болатын темір жол терминалы және биыл қуаты 2 млн тонна болатын автомобиль байланысы іске қосылды. Бұл туралы үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Ақтау мен Құрық порттарының өткізу қабілеттілігі 19,5 млн тоннадан 25,5 млн тоннаға дейін артты.

"Бүгінгі күні Құрық портының жаңа паромдық терминалдары арқылы халықаралық Транскаспийлік бағыты аясында 23 мыңнан астам вагон мен автокөліктер немесе шамамен 3 млн тонна жүк тасымалданды.

Бүгінгі күні Қазақстанның Каспий теңізіндегі жүктерді тасымалдау үлесі шамамен 37%-ды құрайды", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске  асыру нәтижесінде Қазақстан арқылы жалпы транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі тұрақты өсуде (2015 ж. – 212 мың. контейнер, 2016 ж. – 245 мың контейнер немесе 15%, 2017 ж.- 347,5 мың контейнер немесе 41%).

"Биыл 10 айда Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдар көлемі 411,5 мың жиырма футтық эквивалент контейнерді құрады, бұл өткен жылғы сәйкескезеңмен салыстырғанда 49%-ға артық (2017 жылғы 10 айда – 276,4 мың контейнер). Контейнер саны бойынша Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша биыл 10 айда көрсеткіш 235,5 мың жиырма футтық контейнерді құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 54%-ға артық (2017 жылғы 10 айда – 152,5мың контейнер)", - деп хабарлады министр.

ҚР ИДМ басшысының ақпараты бойынша, азаматтық авиация саласында өсім қарқыны сақталуда. Биыл қаңтар-қазан айларында әуе көлігімен 6,7 миллион жолаушы тасымалданды.

"10 айда еліміздің әуежайлары 12,7 млн. адамға қызмет көрсетті, бұл 2017 жылғысәйкес кезеңмен салыстырғанда 6%-ға (12,0 млн адам)жоғары. Биыл қаңтар-қазан кезеңінде транзиттік әуе жолаушылар саны 764 442 адамға жетті. Бұл өткен жылғысәйкес кезеңмен салыстырғанда 47%-ға артық (2017 ж. – 520 814 адам)", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Биыл жыл басынан бері қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушылардың қатысуымен13 жаңа бағыт ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу