Құрық порты арқылы көлік кіргізу басталды

1061

Негізі 5 наурыздан бері Қазақстанның Ақтау және Құрық порттарында кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылып, Әзербайжан мен Ираннан келушілер тек автомобиль арқылы қатынауға көшкен. 

Құрық порты арқылы көлік кіргізу басталды

Қазақстан мен Әзербайжан арасында арнайы пароммен автомобиль тасымалдау қайта жанданды. Құрық портының баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

"Құрық портындағы автопаром кешеніне қарасты төртінші айлақ тұңғыш рет әзербайжандық Bestekar Fikret Emirov паромын қабылдады. Штаттық режимде 29 фура тиелді", – деп жазады порттың баспасөз қызметі.

Жалпы Құрық портындағы 4 айлақтың екеуі теміржол паромына, екеуі автомобиль паромына қызмет етеді.

"Құрық портында жүк көліктерінің ағыны артты. Өйткені Қазақстан мен Әзербайжан арасында арнайы пароммен автомобиль тасымалдау қайта жанданды. Барлық тасымалданатын көліктер мұқият тексеріліп, дезинфекцияланады", – деп жазылған баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Бүгінде Каспийдің порттарында көлік тасымалы тоқтаған. Тек жүк пен азық-түлік, дәрі-дәрмек тасымалдаушылар ғана 3-15 сәуір аралығында ары-бері өте алады.

Негізі 5 наурыздан бері Қазақстанның Ақтау және Құрық порттарында кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылып, Әзербайжан мен Ираннан келушілер тек автомобиль арқылы қатынауға көшкен. 

Құрық порты Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай жүргенде 100 шақырым  қашықтықта орналасқан. Шығысында Қазақстан мен Қытайды, батысында Әзербайжан арқылы Түркия мен тұтас Еуропаны жалғап жатқан халықаралық көлік маршрутының өтінде тұр.

Құрық паром кешені негізінен бидай мен мұнай өнімдерін, тыңайтқыштар мен химикаттарды Каспиді жағалай қонған елдер арасында тасымалдауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу