"Құрық" порты арқылы шамамен 1,5 млн тонна жүк ауыстырып тиелді

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15% артық. 

"Құрық" порты арқылы шамамен 1,5 млн тонна жүк ауыстырып тиелді Фото: rail-news.kz

2023 жылдың 8 айында "Құрық" теңіз порты арқылы шамамен 1,5 млн тонна жүк тиелді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15% артық. 

1 млн тоннадан астамы темір жол көлігімен, 430 мыңнан астамы автокөлікпен жеткізілді. Порт 480 паромды, 13,8 мыңнан астам вагонды, 18 мыңнан астам жүк автокөлігін өткізді. 

"Порт арқылы қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін, металдарды, тыңайтқыштарды, химиялық өнімдерді ауыстырып тиеу жүреді. Қытайдан, Орталық Азия республикаларынан Әзірбайжан, Грузия, Түркия порттарына және одан әрі Шығыс Еуропа елдеріне және кері қарай келетін жүктердің транзиті өсуде", – деп хабарлады ҚТЖ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу