Құрық портында алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді

1002

Құрық портында алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді

Құрық портының теміржол паромдық терминалында операциялық қызмет басталғаннан бергі алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

Порт арқылы тиелген жүктің негізгі тізілімінде мұнай өнімдері, химиялық тыңайтқыштар, халық тұтынатын тауарлар, металл өнімдері, машиналар мен жабдықтар бар. 2017 жылдың соңына дейін терминал 1,2 млн тонна жүк тасымалдайды, ал келесі жылы бұл көрсеткішті 2 млн тоннаға дейін жеткізеді, деген жоспар бар.

Құрық портының теміржол паром терминалы өткен жылдың соңында іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта Құрық портында қуаты 2 млн тонна болатын автомобиль паромдық терминалы құрылысының екінші кезеңі жүріп жатыр. 

Жобаны іске асыру Құрық портының Еуропа мен Азияны жалғайтын халықаралық көлік дәлізіндегі негізгі байланыстырушы болуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, "Қазақстан темір жолы" АҚ маркетингтік зерттеуіне сәйкес 2020 жылға қарай күтілетін құрғақ және паромдық жүк ағыны Қазақстан теңіз порттарының бағытында 13,7 млн. тоннаны құрайды. Негізгі транзиттік жүк ағыны контейнерлерде тасымалданатын Оңтүстік-Шығыс Азиядан, соның ішінде Қытайдан шыққан тауарлардан құралады. Орташа есеппен жылына 300 мың контейнерге дейінгі тасымал орындалады деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу