Құрық портында астық терминалының құрылысы 80% дайын

541

Маңғыстау облысындағы Құрық портында Kaspi Grain Way серіктестігі Құрық портында астық терминалының құрылысын салып жатыр.  

Құрық портында астық терминалының құрылысы 80% дайын Фото: inbusiness.kz

Қазір астық терминалының құрылысы 80 %-ға аяқталып тұр. Қуаттылығы 1 млн тонна астық терминалы бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтауға қауқарлы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Нысанда электр желілері тартылып, теміржол құрылысы аяқталғаннан кейін 2023 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба іске асса, 30 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік болады.

"Астық терминалы облыс үшін өте маңызды, осыған байланысты жобаны іске асыру барысында кедергілердің болмауын қамтамасыз ету қажет. Терминалдың іске қосылуы көліктік бағыттың бәсекеге қабілеттілігін, жүк айналымын, экспорттық әлеуетті арттыруға және Құрық порты арқылы жүк тасымалдау процесін жақсартуға септігін тигізеді. Бұл еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырып, отандық шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді", – дейді инвесторлар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу