Құрықтағы автокөлік паромынан алғашқы жүк жіберілді

949

Құрықтағы автокөлік паромынан алғашқы жүк жіберілді

Құрық портындағы автокөлік паромынан алғашқы қазақстандық және транзиттік жүк жіберілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Каспий айдынына Құрық көпсалалы паром кешенінен экспорттық бағдарға алғашқы қазақстандық және транзиттік жүктер жіберілді. 
Кедендік ресімдеуден өткізілген соң, алғашқы жүк тиелген 29 автокөлік, бос автокөлік пен бір жеңіл машина паромға тиелді. Тасымалданатын жүктер құрамында Қазақстанда және Орта Азияда өсірілген ауылшаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бар.
"Жаңа қазақстандық Құрық портының болашағы зор. Біз алдағы уақытта автокөлік инфрақұрылымымен алғашқы жүк ағыны жіберілген соң, бұл бағдардағы тауар тасымалдау қарқын алатындығына сенімдіміз", - дейді кеме капитаны А. Пирмурадов.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-президенті Б. Орынбасароытың айтуынша, компания мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауындағы тапсырмаларды орындауын жалғастыра түсуде. 2017 жылдың басынан бастап Құрық теміржол паромымен 700 мың тонна жүк тасымалдау жоспарланғанымен, қазірдің өзінде 1 миллион 350 мың тонна жүк тасымалданды.
"Жаңа автокөлік паром кешені жылына екі миллион тонна жүкті өңдеуден өткізеді. Жаңа экспорттық-импорттық бағдар Кавказ, Түркия және Оңтүстік Еуропаға және кері қарай бағытталады",- дейді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президенті Б. Орынбасаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу