Аталған сервистерді енгізу сайлаушыларды толық есепке алуды қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық сайлау құқығын іске асыруы үшін қосымша жағдайлар жасауға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
- Бірінші сервис сайлау учаскесінің өзінде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.
- Екіншісі – сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеуді жүзеге асырады. Атап айтқанда, тіркеуді тексеру сервисін сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылар тізіміне енгізілмеген азамат өтініш білдірген кезде пайдаланады.
Егер тексеру нәтижесінде азаматтың сайлау учаскесінің шекарасындағы мекенжай бойынша тұрақты тіркеуі бар екені анықталса, сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізіміне енгізіп, оған бюллетень береді. Осыдан кейін азамат дауыс бере алады.
Егер Қазақстанда тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеуіңіз болмаса, "Уақытша тіркеу" сервисін пайдалануға болады. Бұл күні 221 сайлау учаскесінде "шағын ХҚКО" жұмыс істейді. Олардың қызметкерлері азаматтарды сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркей алады.
Тіркеуден өтіп, деректер тексерілгеннен кейін азамат сайлаушылар тізіміне енгізіліп, оған дауыс беру үшін бюллетень беріледі.