Құрылтайдың жалпы отырысында "2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзінше, заң жобасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.
"Еліміздің негізгі қаржылық құжатын әзірлеу барысында, ағымдағы экономикалық жағдай, барлық бюджеттік және макроэкономикалық тәуекелдер ескерілді. Басты мақсат – экономикалық өсімді ынталандыру, қаржылық тәртіп және мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау арасында теңгерімді сақтау. Бұл бюджеттің негізгі элементі – адамға және адам игілігіне бағытталған инвестициялар болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы, бизнесті және отандық өндірушілерді қолдауға да тиісті көңіл бөлініп келеді", – деді ведомство басшысы.
2027 жылдың үш негізгі көрсеткіші:
– кірістер – 25,4 трлн теңге;
– шығыстар – 30,2 трлн теңге;
– бюджет тапшылығы – 4,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызын құрайды.
Мемлекеттің меншікті кіріс базасы нығайып келеді. Ол 2029 жылға қарай 23,4 трлн теңгеге дейін өседі, деп атап өтті ведомство басшысы.