Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты

666

Құрылтайдағы бос мандатқа "Әділет" партиясының Саяси кеңесі Бюросы кандидат ұсынған.

Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты Фото: election.gov.kz

Өз сөзінде Нұрлан Әбдіров бұған дейін "Әділет" партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімі Орталық сайлау комиссиясына жолданғанына тоқталды. Аталған шешімге сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының бос мандаты партиялық тізімге енгізілген Гүлнар Тойлыбаеваға беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.

"Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады. Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, депутаттық мандат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін босады. Ол Құрылтайдан кетіп, Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу