Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінде "2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы таныстырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жаңадан құрылған Құрылтай үшін бұл бірінші бюджеттік кезең және ең жауапты заңнамалық процестердің бірі десек артық болмайды. Бюджетті қарау кезінде қабылданатын шешімдер елдің дамуын үшжылдық кезеңнен әлдеқайда ұзақ уақытқа айқындайтын болады. Инфрақұрылым, мемлекеттік инвестициялар, қарыз міндеттемелері, әлеуметтік бағдарламалар, Ұлттық қор бойынша шешімдер алдағы ұзақ жылдарға әсерін тигізеді. Сондықтан, біздің міндетіміз – бюджет жобасын барынша терең, кәсіби тұрғыдан және жауапкершілікпен қарау", – деді Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева.
Оның айтуынша, Құрылтайға жаңа Бюджет кодексінде көзделген айтарлықтай көлемді материалдар ұсынылды. Дания Еспаева Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы депутаттық корпус үшін бюджет жобасын кәсіби бағалаудың маңызды тәуелсіз көзі екенін атап өтті.
"Бюджет жобасында маңызды мәселе көтеріліп отыр. 2027–2029 жылдар тапшылықты азайту және мұнай қаражатына тәуелділікті біртіндеп төмендету арқылы неғұрлым қатаң бюджеттік бағытқа көшу кезеңі ретінде мәлімделген болатын, алайда 2027 жылдың бастапқы кезеңі әлі де күрделі күйінде қалып отыр", – деді Құрылтай вице-спикері.
Бірінші оқылымға дейін макроэкономикалық алғышарттар мен бюджеттің кірісі, Ұлттық қорды, тапшылық пен мемлекеттік қарызды, орталық мемлекеттік органдардың шығыстарын, мемлекеттік инвестицияларды, бюджетаралық қатынастарды, квазимемлекеттік секторды, бюджеттен тыс қорларды және мемлекеттік қаржының тұрақтылығына әсер ететін басқа да мәселелер жүйелі түрде қарастырылады, деді ол.