Құрылтай сайлауы күні елімізде 657 сәби дүниеге келді

306

Бір егіздер жұбы дүниеге келді.    

Құрылтай сайлауы күні елімізде 657 сәби дүниеге келді Фото: gov.kz

Құрылтай сайлауы күні Қазақстанда 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318-і ұл және 339-і қыз бала, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді.

"Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді қауіпсіз бақылауды және босандыруды қамтамасыз етіп, ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетеді. 657 қазақстандық отбасы үшін бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғамен ғана емес, сәбидің дүниеге келуімен де мәңгі есте қалатыны сөзсіз", – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін сайлау күні Астанада 25 сәби өмірге келгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу