Құрылтай сайлауын өткізуге қанша қаражат кетеді?

699

Орталық сайлау комиссиясы есеп-қисап жүргізуі тиіс.  

Құрылтай сайлауын өткізуге қанша қаражат кетеді? Фото: parlam.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс кулуарында "Алдағы сайлауға қанша қаражат жұмсалуы мүмкін?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Орталық сайлау комиссиясынан сайлауға қатысты әзірге ақпарат келіп түскен жоқ. Біз күтіп отырмыз. Меніңше, осы апта ішінде есеп жасалып, ақпарат беріледі. Себебі қазір бюджеттік процесс жүріп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы есепті жүргізген соң белгілі болады", – деді ведомство басшысы журналистердің сауалына берген жауабында.

Мәди Такиевтің сөзінше, сайлауды өткізуге арналған қаражат бар. Себебі Үкімет резервінде күтпеген шығындарға арналған қаражат көзделген.

Тілшілер: "Сайлауға референдумға қарағанда көбірек ақша жұмсала ма?" деп нақтылады. Қаржы министрі әзірге айта алмайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу