Үміткерлер арасында Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты істе мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, "Әділет" партиясы елордада өткен кезектен тыс съезінде Құрылтай депутаттығына 186 кандидаттың партиялық тізімін бекітіп отыр. Тізімге партия төрағасы Айбек Дәдебай, сонымен қатар Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин енгізілген.
Сондай-ақ, кандидаттар қатарында Қазақстан Парламентінің экс-депутаттары да төбе көрсетеді.
Жаза кеткен жөн, жалпы барлық партияны қоса алғанда Мәжіліс пен Сенаттың 46 экс-депутаты Құрылтайға үміткер ретінде ұсынылған.
Сонымен, басқа да партиялар бекіткен үміткерлер тізімі мынадай:
"Әділет" – 186 адам;
"Ақ жол" – 63 адам;
"Ауыл" – 69 адам;
"Байтақ" – 51 кандидат;
"ҚХП" – 72 адам;
"ЖСДП" – 33 адам;
"Respublika" – 76 адам.
Үміткерлер тізімін партиялардың ресми ресурстарынан бөлек, әлеуметтік желі парақшаларынан да көруге болады.
Десе де, "Байтақ" партиясы 51 үміткер ұсынғанын жария етсе де, әзірге нақты тізімін таныстырмады.
Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерді қабылдауды 13 шілдеге дейін жалғастырады.
Жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.