Құрылтай сайлауында сауалнама жүргізетін ұйымдар белгілі болды

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясына 3 ұйымнан тиісті хабарлама түскен.   

Құрылтай сайлауында сауалнама жүргізетін ұйымдар белгілі болды Фото: kz.kursiv.media

Олар Құрылтай сайлауы кезінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл ұйымдар қатарын Еуразиялық интеграция институты, DATAmetrics және Қоғамдық саясат институты толықтырады. Олар exit poll, жеке сұхбат, телефон және интернет сауалнамалары, сонымен қатар өзге де әлеуметтік зерттеулер жүргізбек. 

ОСК дерегіншге, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге кемінде 5 жылдық тәжірибесі бар және заңнамаға сәйкес тіркелген заңды тұлғалар ғана құқылы. Олар алдын ала комиссияны жазбаша түрде хабардар етіп, қажетті құжаттарды ұсынуы шарт. 

Комиссия дауыс беру күні сайлау учаскелерінде немесе дауыс беру өтетін үй-жайларда сауалнама жүргізуге тыйым салынатынын тағы да ескертіп отыр. Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын да алға тартады. Жаза кеткен жөн, Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу