Құрылтай сайлауының логотипі мен сайлаудың күнтізбесі бекітілді

944

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттары сайлауының күнтізбелік жоспарын бекітті.  

Құрылтай сайлауының логотипі мен сайлаудың күнтізбесі бекітілді Фото: ҚР ОСК баспасөз қызметі

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары төмендегідей:

  • 2026 жылғы 1 шілде – сайлауды тағайындау;
  • 2026 жылғы 2 шілдеден – 13 шілдедегі сағат 18:00-ге дейін – партиялық тізімдерді ұсыну;
  • 2026 жылғы 23 шілдедегі сағат 18:00-ге дейін – партиялық тізімдерді тіркеу;
  • 2026 жылғы 11 шілдеге дейін – аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, олардың орналасқан жерлерін жариялау;
  • 2026 жылғы 16 шілдеге дейін – УСК құрамдарын, сайлау учаскелерінің шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін жариялау;
  • 2026 жылғы 23 шілдедегі сағат 18:01-ден бастап 22 тамыздағы сағат 00:00-ге дейін – сайлау алдындағы үгіт; 
  • 2026 жылғы 2 тамыз – учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімін ұсыну;
  • 2026 жылғы 7 тамыздан бастап – сайлаушыларды сайлаушылар тізімдеріндегі өздері туралы деректермен таныстыру;
  • 2026 жылғы 22 тамыз – тыныштық күні;
  • 2026 жылғы 23 тамыз – дауыс беру күні.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу