Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, құстар ол жерден ұшып кеткен, қазір Кіші Талдыкөлден іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
"Ауа-райының жағдайын ескере отырып, ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне фламинголарды құтқару шараларын қабылдауды тапсырды. Инспекторлар ол жерді тексерген кезде фламинго табылған жоқ. Аталған құрылыс алаңы қызметкерінің айтуынша, фламинголар Кіші Талдыкөл көліне қарай ұшып кеткен. Қазіргі уақытта инспекторлар қала әкімдігінің қызметкерлерімен бірге фламинголарды іздеу мақсатында Кіші Талдыкөл көлін тексеріп жатыр", – деп жазылған ведомство хабарламасында.