Шешенстанның Башин-Қали ауылындағы құрылыс алаңында газ баллондарының жарылуы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 112 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Әзірге 26 адамның денсаулығына зиян келгені анықталды. Ауыр зардап шеккендер Грозныйдағы республикалық ауруханаға жіберілді.
Алдын ала ақпарат бойынша газ баллондары жарылды. Техногендік апат орнында үйінділерді талдау жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу