Ведомствоның хабарлауынша, негізінен бұл зақымдану әрлеу материалдарына қатысты, салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді.
"ТЖД, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады", - деп хабарлады қала құрылысы басқармасының баспасөз қызметі.
Жедел штаб қалада ғимараттар айтарлықтай зақымданбағанын хабарлады. Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.