Құрылыс индустриясы: Алматыда отандық өндірушілерге басымдық берілмек

926

Оңтүстік астанада жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құрылыс индустриясы: Алматыда отандық өндірушілерге басымдық берілмек

Отырысқа Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Мақсат Қиқымов, Мұхит Әзірбаев, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бас мердігерлер мен кәсіпкерлер қатысқан. Дәл сол жиында мемлекеттік сатып алу кезінде отандық құрылыс материалдарын өндірушілеріне жан-жақты қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, құрылыс саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ. Ал шаһарда бюджет қаражаты есебінен құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты, құрылыс материалдарын сатып алу кезінде жергілікті өндірушілерді қолдау мәселесі өткір", - деп атап өтті Қошмамбетов. 

Оның сөзіне сенсек, Қазақстанда тиісті өндірістер немесе көлемдер болмаған кезде ғана импорттық құрылыс материалдарын сырттантсатып алуға рұқсат беретін түзетулер тиісті заңға 2015 жылы енгізілген. Алайда мердігер ұйымдар шетелдік өндірушілердің тауарларын әлі сатып алып жатыр.

Отырыс барысында бас мердігерлердің, тапсырыс берушілердің қатысуымен отандық өндірушілермен кеңестер өткізу туралы шешім қабылданды. Кездесу қорытындысы бойынша, Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі арасында тұрақты әріптестік қатынастарды жолға қою жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу