Құрылыс кодексі жобасына кеткен 382,5 млн теңге нақты қайда жұмсалды?

309

Қазақстанда Құрылыс кодексінің жобасын әзірлеуге бюджеттен 382,5 млн теңге бөлінген. 

Құрылыс кодексі жобасына кеткен 382,5 млн теңге нақты қайда жұмсалды? Фото: baiterek.gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Құрылыс кодексін әзірлеуге бөлінген қаражатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер министрден Мәжіліс кулуарында "Құрылыс кодексін әзірлеуге бағытталған ақша қайда жұмсалды?" деп сұрады. 

"Құрылыс кодексін әзірлеу – бұл тұтас құжатты әзірлеу. Оның шенберінде өзге елдердің заңнамалық саясатына көптеген талдау жүргізілді. Сонымен қатар қарама-қайшы нормаларды алып тастау, мемлекет тарапынан бақылауды күшейту үшін бұл жұмысты адам қолымен жасалды. Егер де жұмыс ақысы төленбеуі керек деп есептейтін болсаңыздар, меніңше, бұл дұрыс емес. Оны (ред. – Құрылыс кодексі) біреу жасайтын болса, онда оған ақылға қонымды ақы берілу керек", - деді Қанат Шарлапаев.

Оның сөзінше, министрліктің заң мекемелеріне, "Атамекен" ҰКП-ға жүгінгені бойынша нақты деректер бар.

"Бізде олардың баға ұсынымдары бар. Қажет болса, сіздермен бөлісе аламыз. Бұдан басқа сарапшылар топтарының баға ұсынымы мемлекет жұмсаған қаржыға қарағанда 3-4 есе көп болғанын баса айтқым келеді. Құжатты оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болса, жұмысқа төленуі керек", -деп жауап берді министр.

Айта кету керек, осыған дейін сарапшылар Құрылыс кодексі жобасында лоббистердің мүддесі бар екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу