Құрылыс кодексінің жобасы заңға сай әзірленген – Олжас Бектенов

182

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің Құрылыс кодексінің жобасын әзірлеуге қатысты қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылыс кодексінің жобасы заңға сай әзірленген – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

"Қаржы министрлігі қосымша жұмыс жүргізіп Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Бюджет кодексінің талаптарын сақтағанын анықтады. Бұл кодекстің жобасын әзірлеу заңды түрде 2023 жылғы мемлекеттік тапсырма тізіміне енгізілген. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "ҚазҚСҒЗИ" АҚ арасындағы өзара міндеттемелер орындалды. Оны заңсыз деп тануға қандай да бір негіз жоқ", – делінген Үкімет басшысының жауабында.

Жауапта құжатты әзірлеуге бөлінген 363 млн теңгеден астам қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы біршама мәлімет берілген.

Олжас Бектеновтің мәліметіне сүйенсек, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-ға бағытталған 363,4 млн теңге кодекс жобасын әзірлеген қызметкерлердің қаламақысына, ғимаратты жалға ау шығындарына, халықаралық тәжірибелерді зерттеу үшін жасалған іссапарларға, аймақтарға жасалған сапарларға, кодекс жобасын талқылау жиындарын ұйымдастыруға жұмсалған.

"Осыны ескерсек, бюджеттен бөлінген қаражат нысаналы мақсатына сай бағытталды", – деп жазады Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу