"Құрылыс кодексінің жобасына 291 млн теңге негізсіз жұмсалды": Министр депутаттың сынына жауап берді

245

Министр кодекс жобасы барлық нормаға сай келеді деп отыр.

"Құрылыс кодексінің жобасына 291 млн теңге негізсіз жұмсалды": Министр депутаттың сынына жауап берді Фото: gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Құрылыс кодексінің жобасын сынға алған депутаттың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таяуда депутат Бақытжан Базарбек Құрылыс кодексі жобасын әзірлеуге 291 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалғанын айтты. 

"Әрине, депутаттардың өз пікірін айтуға құқығы бар. Олардың айтқанын тексермейміз. Жоғары аудиторлық палата аудиті жүргізді. 2024 жылдың 26 шілдесінде шыққан аудит нәтижесі депутат айтқан бұзушылықтарды анықтамады. Менің қолымда екі есеп бар. Бірінде ешқандай бұзушылықтар анықталмады, ресми тергеу әлі аяқталмады, себебі мемлекеттік орган бұл шешімге шағым бере алады. Бақытжан Базарбектің әлі аяқталмаған тергеу бойынша нәтижені жариялағаны туралы ештеңе айта алмаймын", - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу