Құрылыс компаниялары кезекте тұрғандар үшін жеңілдікпен берілетін баспана салады

1044

Бұл тұрғын үйлер кезекте тұрған Отбасы банкінде шоттары бар азаматтарға арналған. 

Құрылыс компаниялары кезекте тұрғандар үшін жеңілдікпен берілетін баспана салады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жеңілдікпен салынатын баспаналар мәселесі қандай жолдармен шешіліп жатқанын мәлім етті, деп inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тұрғын үй мәселесі - басым бағыт. Ірі жетекші құрылыс компанияларымен және Отбасы банкімен бірлесіп, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойдық. Олардың қатарында мысалы, Bazis-A, BI-group, G-park, ҰАК және т.б. құрылыс компаниялары бар.

Бұл келісім белгіленген баға бойынша 8 мыңнан астам жеңілдікпен берілетін пәтер салуға мүмкіндік береді, бұл - 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй! Қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйге 160 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. Қол қойылған меморандум бірден бірнеше міндетті орындауға мүмкіндік береді: көп пәтер салып, сол арқылы кезекте тұрғандар санын қысқарту, инвестициялар есебінен құрылыс саласын ынталандыру, қосымша жұмыс орындарын құру.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2900 баспана салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік үй салынды.

Биыл бұл көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - деп жазды қала әкімі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу