Құрылыс компаниялары қоқысты полигонға апармай, заңсыз тастап жатыр – Жеңіс Қасымбек

247

Елордада рұқсат етілмеген 200-дей қоқыс орны бар.

Құрылыс компаниялары қоқысты полигонға апармай, заңсыз тастап жатыр – Жеңіс Қасымбек Фото: istockphoto.com

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ғарыш мониторингінің нәтижесі бойынша былтыр көктемде сондай полигондардың саны 700-ден асатын. Неге мұндай мәселе пайда болып отыр дегенге келсек, қалада 8,5 млн шаршы метр үй салынып жатыр. Құрылыс компаниялары алаңдардағы қоқыстарды заңды түрде полигонға апармай, заңсыз полигондарға тастап жатыр. Ол бойынша экология министрлігі, полициямен бірге жүйелі түрде жұмыс істеп жатырмыз. Қазір ғарыш мониторингтің қорытындысы сондай полигондардың саны 200-ден аспайтынын көрсетті. Бір жылдың ішінде 500-і жойылды. Енді біздің жоспарымыз – көктемге дейін санкцияланбаған полигондардың санын құрту",  деді әкім.

Бүгінгі таңда бұл мәселені шешу үшін құрылыс компанияларымен жұмыс басталып та кеткен. 

"Заңға өзгерістер енгізілуде. Осындай полигондар пайда болған жағдайда айыппұл сомасы да басқа болады. Құрылыс компанияларына ерекше санкциялар қабылданып, құрылыс орындары да жабылатын болады",  деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу