Құрылыс компаниялары заң талаптарын айналып, үлескерлердің қаражатын тартып отыр – Үкімет басшысы

208

Үлестік құрылыстағы заң бұзушылық мәселесі өзекті болып отыр. 

Құрылыс компаниялары заң талаптарын айналып, үлескерлердің қаражатын тартып отыр – Үкімет басшысы Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында үлескерлер мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әкімдіктер құрылыс жұмыстарын инженерлік желілермен үйлестіре отырып жүзеге асыруы қажет. Құрылыстың санымен қатар сапасын да естен шығармау керек. Өкінішке қарай, соңғы жылдары ереже талаптарының бұзылуына және құрылыс нысандарының уақтылы іске қосылмауына қатысты шағымдар саны көбейіп барады. Осы мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жаңа Құрылыс кодексінің жобасында құрылыс сапасына бақылауды күшейту, саланы цифрландыру, сәулеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені көзделді",  – деді Үкімет басшысы.

Тағы бір өткір мәселе – үлестік құрылыстағы заң бұзушылық.

"Көптеген құрылыс компаниялары заң талаптарын айналып өтіп, үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастырып келеді. Олармен ешқандай кепілдік берместен шартқа отырады. Қазір Мәжіліс үлестік құрылыс мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі. Министрлік депутаттармен бірге үлескерлер қаражатын тарту ісіне бақылауды күшейту нормаларын сапалы пысықтауы қажет. Бұған қоса Үлестік құрылысқа қатысты шартқа отыру тетігін әзірлеуді тапсырамын. Ол азаматтарымыз үшін тәуекелдерді толығымен жоюға тиіс",  – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу