Құрылыс компанияларының кірісі төмендеді

1003

Құрылыс компанияларының кірісі төмендеді

Қазақстандық банктер құрылыс саласына қаржы бөлуді азайтты. Несие портфелі бір жылда 5 пайызға кеміді. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.

Ал төлем мерзімі өтіп кеткен несиелердің көлемі 14 пайызды құрады.

Саладағы өнім мен қызмет көрсету деңгейі артса да, құрылыс компанияларының кірісі төмендеп жатыр.

Құрылыс нарығы өкілдері берілген төлем уақыты өтіп кеткен несиелердің көбейіп кетуіне байланысты, кредиторлар құрылыс саласын несиелендіруді қысқартуға шешім қабылдады.

2017 жылдың мамыр айында салаға бөлінген банк несиелерінің көлемі 960,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғыға қарағанда, 5,2 пайызға аз.

Соңғы 5 жыл ішінде құрылыс компанияларына берілген несие көлемі 27,7 пайызға азайды. Экономика саласына бөлінген қаржының 7,6 пайызы ғана құрылыс саласына тиесілі (2016 жылы 8,2 пайыз болған).

Кредиторларды алаңдататын тағы себеп: 2017 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын құрылыс кәсібінде 10,8 млрд теңге көлемінде шығын болғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу