Құрылыс компанияларының жартысы уақытша жұмысын тоқтатты

920

Биыл жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 303,9 мың теңгеге (бір шаршы метр үшін) дейін өсті.

Құрылыс компанияларының жартысы уақытша жұмысын тоқтатты

2020 жылдың 1 қазанына дейін құрылыс саласына қатысы бар 61,6 мың кәсіпорын тіркелген. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады. Олардың саны 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5%-ға артқан.  

61,6 мың кәсіпорынның 66%-ы немесе 40,7 мыңы жұмыс істеп тұр. Жалпы осы саладағы компаниялардың 98,9%-ы шағын бизнестікі. Ал қалғаны ірі және орта бизнеске тиесілі. 

Кәсіпорындардың төрттен бірі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. 6,5 мыңы Алматы облысында, 3 мыңы Қарағанды облыстарында тіркелген. 

Қазір 15,7 мың кәсіпорын белсенді түрде жұмыс істеп жатыр.Сектордағы жаңа компаниялардың саны 7%-ға өсіп, 5,2 мың болды.

Қыркүйекте жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 303,9 мың теңгеге (бір шаршы метр үшін) дейін өсті. Бір жыл бұрын 285,6 мың теңгеге сатылған еді. Ал абаттандырылған қайталама тұрғын үй бағасы бір жылда 10,2%-ға көтеріліп, 217,5 мың теңгеге жетті. Абаттандырылмағандарыныкі 6,7%-ға қымбаттап, 131,6 мың теңге болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу