Құрылыс компаниясы сапасыз үй үшін 300 млн теңге төлеуге мәжбүр болды

652

Баспана егелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін компанияны таңдады.

Құрылыс компаниясы сапасыз үй үшін 300 млн теңге төлеуге мәжбүр болды

Өскемен қаласының тұрғындары сапасыз салынған көпқабатты үй үшін мердігерден 300 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаладағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары баспананың сапасыз салынғанын айтып, дабыл қағып келе жатқанына бір жылдан асқан. Былтыр 21 сәуір күні 9 қабатты үйдің қабырғасына қапталған материал бұзылып, түсіп жатқандығы туралы видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді.

"Баспаналы болдық" деп бөркімізді аспанға атып жүрсек, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Үйдің сапасы сын көтермейді. Сыртын қаптаған материал кеше түстен кейін бұзылды. Бұл деген сұмдық қой! 2019 жылы пайдалануға берілген үй 2 жылға жетпей осындай болып жатса, алдағы уақытта не күтуге болады?! Сондықтан үйді салған компанияны жазаға тарту керек!", – деген болатын қала тұрғыны Бақытбек Әміренов тілшіге.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың мәселесі оң шешімін тапты. Азаматтар мен "Қазақстан тұрғын үй" компаниясы арасында сот болған.

"Коммерциялық компания үйді өз бастамасымен салып, пайдалануға берді. Қалалық әкімдік үйді қабылдауға қатыспады. Яғни әкімдіктің тұрғын үй сапасын қамтамасыз ету бойынша тұрғындар алдында ешқандай міндеттемесі жоқ. Алайда соған қарамастан әкімдік тұрғындарға тиісті көмекті бірден ұсынды. Жұмыстың барлық кезеңінен бірге өттік, ол – жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасау, құрылыс компаниясымен сот ісін жүргізу, меншік иелерінің бірлестігін құру және қаражатты аудару үшін арнайы шоттарды ашу", – дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Сот шешімімен тұрғындар компаниядан 300 млн теңге өндіріп алды. Азаматтар жөндеу жұмыстарын жүргізетін компанияны таңдады. Қазіргі уақытта үйді жөндеу жұмыстары басталып та кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу