Жиынға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Рысдәулетов пен бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесуде бірегей нысандарға жүргізілген инженерлік ізденістер нәтижелерінің қолданылу мерзімін ұзарту, жұмыстар сапасын бақылауды күшейту және нарықты реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар сала мамандарын біріктіріп, жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) құру перспективалары талқыланды.
Қатысушылар құрылыс жобаларындағы қауіпсіздік, нормативтік базаны жетілдіру және саланың басқа да өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.