Құрылыс материалдары қымбаттап жатыр

1971

2021 жылғы сәуірде кәсіпорындар өндіретін құрылыс материалдары бағасының жылдық өсімі – 21,4% (өткен жылғы көрсеткіш – 0,3%).

Құрылыс материалдары қымбаттап жатыр

Құрылыс материалдарының бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 8%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйымдар сатып алған құрылыс материалдарының бағасы бір жылда 
1,7%-ға (өткен жылғы көрсеткіш – 0,5%), ал көтерме сауда орындарындағы баға бір жылда 5,7%-ға (өткен жылғы көрсеткіш – 2,4%) өскен.

Биыл сәуірде халық сатып алған құрылыс материалдары бағасының жылдық өсімі – 7,5% (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 6%).

Құрылыс материалдары Шымкент пен Павлодар облыстарында (4,2%) және Маңғыстау өңірінде (18,6%) қымбаттаған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, 2021 жылғы 4 айда құрылыс материалдары өндірісі 26,5%-ға артқан.
Жылу оқшаулағыш материалдар (жылдық өсім – 2,5 есе), кірпіш (2,9 есе), портландцемент (плюс 17,6%), гипс (плюс 21,8%) және құрылыс ерітінділері (плюс 22,2%) өндірісі өсімнің драйвері болып саналады. 

Сәуірдің қорытындысы бойынша бөлшек сауда орындарында кірпіш, плитка және күйдірілген саздан жасалған құрылыс бұйымдарының бағасы бір жылда
7,7%, құрылыс ерітінділері – 6,6%, құрылыста пайдаланылатын
гипстен жасалған бұйымдар – 6,1%-ға өскен. Цемент 1,7%-ға, әк пен гипс 0,1%-ға қымбаттаса, тауарлық бетон 5,3%-ға арзандаған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу