Құрылыс материалдары өндірісінің экспорт көлемі 62 миллион долларды құрады

810

Құрылыс материалдары өндірісінің экспорт көлемі 62 миллион долларды құрады

Отандық құрылыс материалдары өндірісінің экспорт көлемі 62 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Индустриялық даму" бағыты бойынша жұмыс  комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды astanatv.kz.

 Жиында құрылыс материалдары өндірісінің даму перспективалары қаралды. Шеттен жеткізілетін өнімді алмастыру мен елде шығарылмайтын тауарларды өндіріске енгізу де әңгіме арқауына айналды.

Комиссия мүшелері Астанада кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы шеңберінде іске қосылған үй құрылысы комбинатының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның өнімі пайдалану мерзімінің ұзақтығымен және құрылысты салу уақытының қысқаруымен ерекшеленеді. Жиында проблемалық мәселер де талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар мемлекеттік органдарға жолданды.

"Құрылыс материалдары өндірісі қарқын алып келе жатыр. Саланы дамытуда әсіресе тасымалдаушы компанияларға назар аудару қажет. Ертеңгі күні қиын жағдайларға тап болмас үшін, осы жағына мұқият болған дұрыс. Отандық құрылыс материалдарын өндіретін компаниялардан қажетті өнімді алған әлдеқайда сенімді", - дейді Астана қаласы "Индустриялық даму" бағытындағы комиссияның кураторы Аман Аюпов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу