Құрылыс материалдарын қымбаттату туралы өтініш қабылданбады

2254

"ҚазҚСҒЗИ" ШҚО-дағы кейбір жол құрылысы ұйымдарының құрылыс материалдары бағасын қайта қарау туралы өтінішін негізсіз деп тапты.

Құрылыс материалдарын қымбаттату туралы өтініш қабылданбады

Құрылыс материалдарының бағасын қайта қарауға негіз жоқ. Қазақстандық құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты "ҚазҚСҒЗИ" ШҚО-дағы кейбір жол құрылысы ұйымдарының құрылыс материалдары бағасын қайта қарау туралы өтінішін негізсіз деп тапты. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

2018 жылдың 26 желтоқсанында шығыс облыстың жол құрылысы кәсіпорындары "Даму" қолдау қорының аймақтық өкілдігінде құрылыс материалдары бағасын көтеру туралы ұсыныс жасап, сметалық-нормативтік базаны әзірлеуші база қалай қалыптасқанын түсінбейтінін айтты.

"Шығыс Қазақстан облысындағы жол құрылысы компанияларында құрылыс материалдарының бағасын көтеруге ешқандай себеп жоқ. Жол-құрылыс компаниялары бағаны көтеруге жиі әрекет етеді. Материалдық ресурстардың бағалары туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдауды облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар жағдайында Қазақстан өңірлері жүзеге асырады. Ал биылға арналған жинақ кестелеріндегі сметалық бағалар есепті кезеңдегі инфляцияның индексі ескеріліп, еліміздің өңірлері бойынша орташа есептеледі. Ұзақ мерзімді құрылыс кезінде (бір күнтізбелік жыл ішінде) сметалық құжаттамаға қаражат бөлу жоспарланған жұмыс көлеміне индекстеу арқылы жүзеге асырылады", - деп түсіндірді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Көлбаев.

Бегман Кульбаев бұл құрылыс компаниялары бұрын құрылыс материалдары бағасын белгілеу тәртібі туралы түсініктеме беру үшін "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-ға өтініш білдіргенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу