Құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кетті

869

Бір жыл бұрын секторда бағаның төмендеуі байқалса, биыл бірден 28%-ға қымбаттады.

Құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кетті

Биыл дүниежүзілік жылжымайтын мүлік нарығы ең күшті қысымға ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлем елдерінің көбінде тұрғын үй бағасының айтарлықтай өсуі байқалады. Knight Frank консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша, жаһан мемлекеттерінде жылжымайтын мүліктің орташа бағасы биылға жылдың маусым айының соңына қарай 9,2%-ға өсті. Өсу қарқыны 2006 жылдан бері ең жоғары көрсеткішке жетті.

Тұрғын үй бағасының ең үлкен өсімі Түркияда (жылына бірден +29,2%), Жаңа Зеландияда (+25,9%), АҚШ-та (+18,6%), Словакияда (18,6%) және Швецияда (17,2%) тіркелді.  

Ал Ресейде тұрғын үй бағасының өсімі 14,4%-ды құрады. 55 елдің 18-інде бағаның айтарлықтай өсімі тіркелді (өткен тоқсандағы 13 және бір жыл бұрынғы 7 көрсеткіштен жоғары).

Дәл осындай жағдай Қазақстанда да байқалады. Мәселен, биылғы жылдың қазан айында жаңа тұрғын үй бағасы жылына 14,6%-ға өсті, бұл ретте қымбатшылық тенденциясы жалғасуда.

Бүкіл әлемде сияқты Қазақстанда да тұрғын үй бағасының өсуінің негізгі және басты себебі құрылыс материалдары құнының шарықтап кетуі болып табылады.

Бетоннан арматураға дейін қымбаттауымен қатар, секторда кейбір заттардың тапшылығы сезіледі. 

Nasdaq қор биржасының мәліметінше, биыл құрылыс компаниялары тарихтағы ең жоғары шығындарға тап болды. Тек шілде айында құрылыс материалдарының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 19,4%-ға қымбаттады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу