Қазақстан Тұрғын үй компаниясы "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдау және тұрғын үй құрылысында қазақстандық қамтуды арттыру үшін www.material.kz онлайн платформасын құрды.
Платформа қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілерге онда ұсынылған бағалармен өз витринасын жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылыс компанияларына өндірушілерді іздеуге шығынсыз қазақстандық құрылыс материалдарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Платформада тіркеуден өткеннен кейін қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілер құрылыс материалдарының қажеттіліктерімен таныса алады және құрылыс компанияларына электрондық коммерциялық ұсыныстарды тікелей жібере алады. Өз кезегінде жеке кабинеттердегі құрылыс компаниялары материалдарды өндірушілерден келіп түскен коммерциялық ұсыныстар туралы хабарлама алады.