Елімізде құрылыс монтаж жұмысының бағасы 5,1 пайызға өсті, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
2017 жылдың наурызында желтоқсан айымен салыстырғанда құрылыс монтаждау жұмысы 5,1 пайызға өсті, көлік пен қондырғы – 2,4 пайызға, өзге жұмыстар 5,8 пайызға артты.
2017 жылдың наурызында жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,4%-ға, ал абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйді алып сату – 0,1%-ға төмендеді.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, керамикалық плитаның бағасы – 3, гипс – 0,7, шыны – 0,6, ал құм 0,4 пайызға арзандады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу