Ал еліміздегі құрылыс нысандарды жобалауға енді ақпараттық модельдеу технологиясы енгізіледі. "BIM" деп аталатын жүйенің артықшылығы компьютер арқылы сызбаның әр бөлігін 3d модельде көруге мүмкіндік береді. Тіпті құрылыста пайдаланатын материалдар мен олардың тығыздығы, жылу өткізгіштігі туралы ақпаратты қамтиды. Бұған қоса, тың бағдарламадан ғимаратқа кететін шығын мен жобалық құжаттаманы толықтай алуға болады. Осы жайында "Бүгінгі құрылыстағы сараптама" тақырыбында өткен форумда мәлім болды.
Айта кету керек, осы технологияға мамандарды бейімдеу мақсатында тәжірибесі озық мемлекеттермен келісім жасалды.
Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы: "Биыл жұмысты бастадық. Екі жылдан бері көрген болатынбыз. Қай елдің қандай жетістіктері бар. Біз талдау жасадық. Басқа елдердің халықаралық деңгейдегі ұйымдарға талдау жасадық. Сөйтіп біз қазір 2-3 жылдың ішінде алға жылжыймыз деген ойымыз бар. Артықшылығы жобалау жұмыстарының сапалылығы, кететін кемшіліктердің азаюы. Жұмысқа 100 адамның орнына 10 адам істеуі мүмкін деген мәселелер бар".