"Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлемде инфляциялық қысымның күшеюімен және ақша-кредит талабы қатаңдатылады деген болжаммен қатар жүретін әлемдік ішкі жалпы өнім мен іскерлік белсенділіктің өсуі байқалды. Үшінші тоқсанда әлем экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамынша, жағдай 2021-2022 жылдары қалпына келуін жалғастырады. 2021 жылы әлемде ішкі жалпы өсімнің өсуі 5,7% құрайды. Оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып табылатын елдер арасында Еуроаймақта – 5,3%, Қытайда – 8,5%, Ресейде – 2,7% өсім күтіледі", – деді Ерболат Досаев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, еліміздегі іскерлік белсенділік индексі құрылыс пен қызмет көрсету саласында 49,8-ге дейін жылжып, 0,4 тармаққа төмендеген. Ал өнеркәсіптегі индекс 50,9-ға дейін жоғарылап, 1,8 тармаққа өскен.
Қанат Махамбет