Құрылыс саласында бос жұмыс орындарының саны артады

1345

Қазақстандағы соңғы үш айдағы құрылыс жұмыстарына кеткен қаражаттың көлемі 456 млрд теңге болды. 

Құрылыс саласында бос жұмыс орындарының саны артады

2020 жылдың қаңтар-наурызында құрылыс саласындағы кәсіпорындар жасаған жұмыстың жалпы көлемі 456,1 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,7%-ға жоғары, деп хабарлады еnergyprom.kz.

Олардың басым бөлігі, яғни, 412,4 млрд теңге құрылыс және монтаждау жұмыстарына тиесілі. Ал ағымдағы жөндеу саласының көлемі 23,3 млрд теңге, толық жөндеу жұмыстарының көлемі 20,3 млрд теңгеге тең.

Биылғы жылы құрылыс саласындағы шетелдік компаниялардың үлесі 17,3% болса, жеке компаниялар үлесі 82,7%-ды, мемлекеттік компаниялар 0,01%-ды құрады. 

Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш бойынша шетелдік компаниялар – 14,1%, жеке копаниялар үлесі – 85,9%, ал мемлекеттік мекемелер үлесі – 0,04% еді. 
Шетелдік компаниялардың үлесі Атырау облысында жоғары. Қазақстан бойынша   
41,1%-ды құрайды. Одан кейінгі орында  33,3% көрсеткішімен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Ал еліміздің өзге өңірлеріне бұл көрсеткіштің  10%-ы тиесілі. 

Бұл ретте Алматыда әлеуметтік-экономикалық нысандарды кезең-кезеңімен ашу негізінде құрылыс саласында қосымша 34,5 мың жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар аталған сектор үздіксіз жұмыс істеу үшін 10,8 мың адам еңбек ететін көтерме базарларды ашу жоспарланған. Осылайша құрылыс саласында 45,3 мың адам жұмыспен қамтылады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу